Қарызды өтеу туралы келісім

   «АШХО Арбитраж» ЖШС қарызды өтеу туралы келісім

Алматы қаласы.«____» _________ 201___ жыл

 

«_______________» ЖШС, директоры _________________(Т.А.Ә.) атынан, Жарғы негізінде әрекет етуші, әрі қарай «Тарап-1», бір жағынан, және ____________________________________, әрі қарай «Тарап-2», екінші жағынан, бірге «Тараптар» немесе жоғарыда көрсетілгендей атала отырып, төмендегідей келісімге қол жеткізді:

  1. Тараптар Тарап-2-нің Тарап-1 алдындағы қарызы бар екенін және оның мөлшері __________________________ (___________) теңге екенін мойындайды және келіседі.
  2. Тараптар қарыз сомасын, осы Келісімнің 1-тармағында көрсетілген мөлшерде, «____» _____________ 20____ жылға дейін төлеуге міндеттенеді.
  3. Қарыз төленбеген жағдайда, Тарап-1 келесі күннен бастап барлық қарыз сомасын (1-тармақта көрсетілген сомадан бұрын төленген соманы шегеріп) мерзімінен бұрын өндіріп алу үшін арбитражға жүгінуге құқылы. Бұл ретте, Тарап-2 Тарап-1-нің сот шығындары мен шығыстарын (соның ішінде қарызды өндіріп алу қызметтерінің комиссия сомасын) өтеуге, сондай-ақ Тарап-1-нің қарауы бойынша, қарыз сомасының әр күн үшін 1 % мөлшеріндегі айыппұл санкцияларын төлеуге келіседі.
  4. Осы келісімнен немесе оның аясында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер «Астана қаласының Арбитражы» арқылы, қолданыстағы Регламентке сәйкес, соңғы рет реттеледі. Арбитраж құрамында бір арбитр болады. Арбитраж қарауы Астана қаласында өтеді. Арбитраж қарауының тілі – қазақ тілі. Бұл келісім Қазақстан Республикасының материалдық құқық нормаларымен реттеледі.
  5. Бұл келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін жарамды болады.

 

Толығырақ

FaLang translation system by Faboba